National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Италия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефано Раваньянмен кездесті

2015 жылғы 12 ақпан

 

Мемлекеттік хатшы Италия Елшісін лауазымды қызметіне кірісуімен құттықтап, еліміздегі дипломатиялық жұмысына табыс тіледі.

Г.Әбдіқалықова Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2009 жылғы Италияға жасаған ресми сапары барысында Стратегиялық серіктестік туралы мемлекетаралық келісімге қол қойылғаннан кейін стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілген Қазақстан-Италия қарым-қатынасының даму серпініне оң баға берді.

Кездесу барысында екіжақты  әріптестіктің жай-күйі мен бұдан арғы ынтымақтастықтың келешегі, оның ішінде италиялық компаниялардың индустрияландырудың екінші бесжылдығына, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа экономикалық саясат аясындағы инфрақұрылымдық даму жоспарының жобаларына қатысуының жайы талқыланды.

Италия Қазақстанның әлемдегі үшінші сауда әріптесі болып саналады, сонымен қатар ел экономикасындағы ең ірі инвесторлар қатарына кіреді. Қазақстанның Еуропа Одағы мемлекеттерімен арадағы тауар айналымы жиынтығының 13%-ке жуығы Италияның үлесіне тиеді. Қазақстан экономикасына салынған италиялық инвестициялардың жалпы көлемі 6,5 миллиард долларды құрайды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің