National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова БҰҰ-ның «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі Бас комиссары, БҰҰ Даму бағдарламасының Еуропа мен ТМД елдері бойынша өңірлік бюросының директоры, БҰҰ Даму бағдарламасы әкімшісінің орынбасары Джихан Сұлтаноғлымен кездесті

2017 жылғы 14 маусым

Гүлшара Әбдіқалықова кездесу барысында «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуына БҰҰ Бас хатшысының қатысуы және 13 маусымда Біріккен Ұлттар Ұйымы күнінің атап өтілуі көрменің күн тәртібіне ұйым тарапынан ерекше мән беріліп отырғанын білдіретінін атап өтті. «ЭКСПО-2017» көрмесінің тақырыбы БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарын іске асырумен, арзан, сенімді әрі қазіргі заманғы энергия көздеріне деген жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз етумен тығыз байланысты.

Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы Қазақстан Президентінің ЭКСПО базасында «Болашақтың энергиясы» атты Жасыл технологиялар және инвестициялар орталығын құру жөніндегі бастамасын белсенді қолдағандары үшін БҰҰ өкілдеріне алғыс білдірді.

Тараптар Қазақстан мен БҰҰ арасындағы өзара іс-қимылдың жағдайы мен перспективалары туралы, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық, гендерлік теңдік, балалар құқықтарын қорғау, қоршаған ортаны сақтау, азаматтық қызмет көрсету салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ Алматыда БҰҰ-ның көпжақты дипломатия жөніндегі хабын құру үдерісіндегі ынтымақтастық туралы пікір алмасты.

Гүлшара Әбдіқалықова кездесу соңында Д.Сұлтаноғлыны биылғы 31 тамызда «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өтетін «Әйелдер болашақ энергиясы үшін» атты халықаралық форумға қатысуға шақырды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің