National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы Тұрақты өкілі Людмила Бутенкомен кездесті

2015 жылғы 26 қаңтар

 

Кездесуге Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов және  Ұлттық экономика вице-министрі М.Әбілқасымова қатысты.

Г.Әбдіқалықова Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрініс тапқан жаңа экономикалық саясаттың мақсат-міндеттерімен сәйкестендірілуі тиіс бірлескен инвестициялық жобаларды ойдағыдай іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекеттік хатшы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру экономика мен әлеуметтік саланы инфрақұрылымдық тұрғыдан жаңғыртуға бағытталуы тиіс екенін айтты. Қазақстанда білім экономикасын қалыптастыру үшін ғылыми әлеуетті күшейту, инновациялық жобалар шеңберінде білім мен технология трансфертін жеделдету, ұлттық инновациялық жүйе мен оның негізгі институттарының тиімділігін арттыру қажет.

Кездесу барысында тараптар Дүниежүзілік Банк мен Қазақстан арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімге сәйкес 2014 жылғы қыркүйекте қабылданған Ынтымақтастық бағдарламасын іске асыруға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Кездесу қорытындысында адами капиталды дамыту, ғылым мен инновацияны ынталандыру, еңбек нарығының талаптарына сай келетін еңбек дағдыларын дамыту жөніндегі бірлескен жобалар бойынша ынтымақтастықты тереңдету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің