National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстандағы миссиясын аяқтаған Еуропалық Одақ өкілдігінің басшысы, елші Аурелия Бушезбен кездесті

2015 жылғы 20 тамыз

 

Г.Әбдіқалықова А.Бушездің екіжақты қарым-қатынасты кеңейту жөніндегі ауқымды жұмысына және Қазақстан мен ЕО арасындағы келіссөздер үдерісін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін алғыс білдірді. Бейбітшілікті, достықты және ынтымақтастықты нығайтуға қосқан еңбегі үшін Еуропалық Одақтың елшісі Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, сондай-ақ «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

2015 жылғы 20 қаңтарда Брюссельде Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы жаңа келісімді алдын ала дәйектеу сындарлы өзара іс-қимылдың маңызды нәтижесіне айналды. Оған биыл күзде қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен екіжақты ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.

Кездесу соңында Мемлекеттік хатшы екіжақты қарым-қатынастың деңгейі жоғары екенін атап өтті, сондай-ақ сыртқы саясат, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың жүйелі әрі оң қарқыны сақталатынына сенім білдірді.

Бүгінгі таңда Еуроодақ біздің негізгі сауда және инвестициялық серіктесіміз болып саналады. 2014 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ЕО-мен сыртқы сауда көрсеткіші 53 миллиардтан астам АҚШ долларын құрады, бұл – біздің еліміздің  барлық сыртқы сауда айналымының жартысынан астамы. Биылғы қаңтар – мамыр ішінде аталған көрсеткіш 13,9 миллиард АҚШ долларына жетті (ҚР сыртқы саудасының жалпы көлемінің 53,3 пайызы).

Өткен 10 жылда Қазақстан мен ЕО арасындағы тауар айналымы 13 есеге, ал Қазақстан экономикасына салынған еуропалық инвестицияның көлемі 10 есеге ұлғайды. Қазақстанның тауар айналымының 50 пайызы және шет елдерден тартылған инвестицияның жартысынан астамы Еуропа елдерінің үлесіне тиеді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің