National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова жаңадан тағайындалған БҰҰ-ның Қазақстандағы резидент-үйлестірушісі – БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты өкілі Норимаса Шимомурамен кездесті

2016 жылғы 07 сәуір

 

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқандығын атап өтті. 2015 жылы БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун және бірқатар арнаулы агенттіктердің басшылары Қазақстанға іссапармен келді. Былтыр күзде Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясының жұмысына және жоғары деңгейдегі тақырыптық саммиттерге қатысты.

Мемлекеттік хатшы «Қазақстан-2050» стратегиясының, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» мемлекеттік бағдарламасының және Бес институционалдық реформаның негізгі бағыттары  БҰҰ Бас хатшысының Бесжылдық іс-қимыл бағдарламасының басымдықтарымен, Мыңжылдық Даму мақсаттарымен (МДМ) және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) үйлесімді екендігін атап өтті.

Г.Әбдіқалықова маусымда Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайланған жағдайда адамзат алдындағы сын-қатерлерді шешу ісіне қомақты үлес қосуға, сонымен қатар Орталық Азия өңірі мәселелеріне халықаралық қауымдастықтың назарын аударуға  дайын екенін айтты.

Мемлекеттік хатшы БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесе қаржыландырылатын жобалар аясында Астанадағы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі  өңірлік хабты дамыту, Алматыдағы Көпжақты дипломатия орталығын заңнамалық түрде рәсімдеу, «KazAid» дамуға қолғабыс көрсету жөніндегі агенттігі жұмысын ілгерілету, сондай-ақ «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық бойынша барлық бағытта серіктестікті жалғастыруға қызығушылық танытты.  

Г.Әбдіқалықова Қазақстанның гендерлік теңдікке және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктері аясын жүйелі түрде кеңейтіп келе жатқанын атап өтті. Биыл наурыз айында қазақстандық делегацияның Нью-Йорктегі БҰҰ Әйелдер жағдайы жөніндегі комиссиясының 60-шы сессиясына қатысуы – соның жарқын дәлелі.

Мемлекеттік хатшы кездесу соңында Қазақстан мен БҰҰ Даму бағдарламасы арасындағы диалог пен өзара түсіністікті нығайту жолында Н.Шимомураға табыс тіледі. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің