National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесі жанындағы Сараптамалық кеңестің «Қазақстан Республикасының көші-қон және демография саясаты» тақырыбына арналған отырысы өтті

2015 жылғы 10 тамыз

 

Отырысқа Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова, Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің және орталық мемлекеттік органдардың, Қазақстанның ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың сарапшылары қатысты.

Шара барысында сыртқы және ішкі көші-қон, демографиялық саясат Қазақстанның тұрақты дамуының маңызды факторлары екендігі атап өтілді.

Қатысушылар Қазақстанның көші-қон және демография саясатын қалыптастыру мен оны іске асырудың тиімділігін арттыруға ғылыми, сараптамалық қолдау көрсету мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.

Мемлекетіміздің экономикалық дамуын ескере отырып, сыртқы еңбек көші-қонын реттеу, ішкі көші-қонды оңтайландыру жөнінде арнайы ұсыныстар енгізілді.

Жұмыс қорытындысы бойынша Сараптамалық кеңес тарапынан Қауіпсіздік Кеңесі мен мемлекеттік органдар жұмысында пайдаланылатын нақты ұсыныстар берілді. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2026 жылғы 03 шілде

Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің