Жиын барысында мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау жөніндегі ұсыныстары талқыланды. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік-кеңесшілік орган болып саналатын комиссия Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын белгілеу және жою жөніндегі ұсыныстарды, награда мәселелері жөніндегі заңдар жобалары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы ұсынымдарды қарастырады. Комиссия мүшелері отырыс қорытындысы бойынша марапаттау үшін Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын кандидаттарды анықтады. Мемлекеттік наградаларды тапсыру дәстүр бойынша Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізіледі.