National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті

2015 жылғы 04 қараша

 

Отырыста Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-қимылының Ыстамбұл жоспары ұсынымдарын орындау, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде мемлекеттік органдардың қолға алған шаралары талқыланды.

Отырыс барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары А.Шпекбаевтың, Қаржы вице-министрі Р.Бекетаевтың, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Р.Жүрсіновтің есептері тыңдалды.

Г.Әбдіқалықова өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктердің тиімділігі Қазақстан Президенті ұсынған, елімізді жан-жақты жаңғыртуға бағытталған Ұлт жоспарын табысты іске асырудың бірден-бір шарты болып табылатынын атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нәтижелі іс-қимыл жасау барысында жемқорлыққа қарсы заңнаманы халықаралық талаптарды ескере отырып жетілдіру ісінің ерекше маңызы бар.

Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық конвенцияларға қосылу, сондай-ақ Ыстамбұл іс-қимылдар жоспарының ұсынымдарын орындау жөніндегі жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

Аталған  ұсынымдарды орындаудың маңызды стратегиялық мәні бар, өйткені Қазақстан ЭЫДҰ-ға мүше болуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ Мемлекеттік хатшы бүгінде  мемлекеттік сатып алу саласы сыбайлас жемқорлық етек алған салалардың бірі болып отырғанын айтты. Г.Әбдіқалықова қалыптасқан ахуал мемлекеттік сатып алу саласында шешімдер қабылдаудың айқындылығын, оның ішінде осы процестерге қоғамдық бақылауды күшейтуді және электрондық ресурстардың мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануды көздейтін қосымша ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктер әзірлеуді қажет ететінін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия мемлекеттік органдарға нақты ұсынымдар мен тапсырмалар берді.     


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің