National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті

2015 жылғы 04 желтоқсан

 

Отырыста Қазақстан жолының жалпыұлттық құндылықтарын қастерлеу  және ілгерілету туралы мәселе қаралды.

Отырысты ашқан Г.Әбдіқалықова  әлемнің көптеген  елдерінде жағдай бірқалыпты болмай тұрған қазіргі таңда уақытқа лайық қадамдарды қарастырудың маңыздылығын  атап өтті. Жаһандық өзгерістер мемлекеттен  өзгермелі жағдайларға бейімделген шаралар қабылдауды қажет етеді. Мемлекет басшысының биылғы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауы  жаһандық дағдарыстың жағымсыз салдарын еңсеруге  және экономиканың одан әрі өсіміне бағытталған. Бұл үшін ел Президенті үш ұғыммен теңестірілген дағдарысқа қарсы басты стратагеманы ұсынды:  өсім, реформалар, даму. Жолдаудың аясында жаңа инвестициялық және әлеуметтік саясат іске асырылатын болады.

Қазақстанның егеменді даму жылдарында барлық қазақстандықтарды топтастыратын және «Мәңгілік Ел»  жалпыұлттық патриоттық идеясы бойынша ел болашағының негізін қалайтын рухани құндылықтар қалыптасты. Оның негізгі топтастырушы құндылықтары азаматтық  теңдік; еңбексүйгіштік; адалдық; ғылым мен білімнің мәртебесін көтеру; зайырлы ел –  толерантты ел болып табылады.

Мемлекеттік хатшы Жолдауды іске асыру аясында қоғамдағы рухани-адамгершілік,  моральдық-этикалық құндылықтарды нығайту үшін жүйелі жұмыс жүргізу керектігін атап өтті. 

Соған орай,  жалпыұлттық құндылықтарды дәріптеу және ілгерілету барлық мемлекеттік органдар, бизнес-құрылымдар және азаматтық қоғам үшін маңызды міндет болып саналады.

Қазіргі таңда білім берудің барлық деңгейлерінде тәрбие жұмысының бірыңғай тұжырымдамасы іске асырылуда. Ол «Мәңгілік Ел»  құндылықтарын ескере отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарға және жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге бағдарланған педагогикалық білім беру ісін жаңғыртуды қамтиды.

Тұтастай алғанда, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету бойынша жалпы қазақстандық бірегейлік пен халықтың біртұтастығын нығайтуға бағытталған «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасын іске асыру жөнінде ауқымды жұмыс жүргізілуде. 

Талқылау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы қаралған мәселелерге қатысты мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің