National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

ҚР Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығын тағайындау, гранттарын тапсыру және алғысын жариялау жөніндегі Қоғамдық комиссияның отырысы өтті

2014 жылғы 20 маусым

 

Отырысқа Комиссия мүшелері – бұқаралық ақпарат құралдарының, шығармашылық одақтардың, журналистер қоғамдық бірлестіктерінің және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Отырысқа  қатысушылар бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттілікті нығайтудағы маңызды рөліне назар аударды.

Биыл Қоғамдық комиссия атына 57  ұсыным келіп түсті, соның ішінде 48-і журналистерге, 9-ы шығармашылық ұжымдарға қатысты болды. Бұл ретте 41 ұсынымды баспасөз,   16 ұсынымды электронды БАҚ жолдады.  

Комиссия мүшелері журналистік жұмыстар деңгейінің жоғары болғанын, сондай-ақ олардың Қазақстанның бүгінгі дамуындағы маңызды қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жариялап-көрсетуге қосқан үлесін атап өтті.

Талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық комиссия ашық дауыс беру арқылы БАҚ өкілдеріне Президенттің екі сыйлығын тағайындау, екі грантын тапсыру және Президенттің алғысын төрт шығармашылық ұжымға жариялау жөнінде Мемлекет басшысына ұсыныс беру туралы бір ауыздан қаулы етті. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің