Бүгін Ақордада Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті. Оның барысында Қазақстан Республикасының қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау министрлерінің есептері қаралды. Сондай-ақ Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері мемлекеттік рәміздерді пайдалану жөніндегі өз жұмыстары туралы есеп берді. Талқылау қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар мен нақты тапсырмалар берілді.