National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шет елдерде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

2017 жылғы 01 тамыз

Мемлекеттік хатшы Қазақстанның үшінші жаңғыруының басымдықтарының бірі ретінде адами капитал сапасын жақсартуда «Болашақ» президенттік стипендиясының рөлі айрықша екенін атап өтті. Гүлшара Әбдіқалықова кадрларды даярлау және білім беру жүйесінің алдыңғы қатарлы буыны ретінде бағдарлама түлектерінің әлеуетін пайдалану жөніндегі жұмысты күшейту қажеттігін айтты.

Отырыста Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің Шет елдерде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы туралы есебі тыңдалды, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасын іске асыруға қатысты бірқатар мәселе қаралды.

Комиссияның шешімімен стипендия магистратура мен докторантурада оқуға, сонымен қатар әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуге жіберілетін 171 үміткерге тағайындалды.

Мемлекеттік хатшы отырысты қорытындылап, бағдарламаны іске асыру тетіктерін одан әрі жетілдіру және тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің