National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының міндетін уақытша атқарушы Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы

2014 жылғы 13 наурыз

 

Отырыс барысында Қазақстан Президентінің бастамасымен жүзеге асып келе жатқан «Болашақ» халықаралық стипендиясын одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қаралды.

2014 жылдан бастап магистратурада оқу және тағылымдамадан өту үшін шет тілін білудің қажетті бастапқы деңгейі IELTS 9.0 баллдан – 3.0-ден 4.0. баллға дейін, ал резидентурада, докторантурада оқуға – 5.0 баллға дейін ұлғайтылды.

Сондай-ақ, мемлекеттік тілді білу жөніндегі барлық санаттағы үміткерлерге ең төменгі талаптар арттырылды. ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша ең төменгі деңгей –  150 баллдан 85-ке дейінгі баллды құрады.

Оқу және тілдік курстардан өту үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімі қайта қаралды. 2014 жылы тізім 17 университетпен толықтырылып, 8-і алынып тасталды.

Шетелде тағылымдамадан өту орнына қойылатын талаптардың өлшемі бекітілді. Атап айтқанда, тағылымдамалар тек қана жетекші шетелдік жоғары орындары мен олардың жанындағы медициналық мекемелердің базасында, сондай-ақ әлемге танымал өңірлік ғылыми-зерттеу орталықтарында, компаниялар мен салалық ұйымдарда жүзеге асырылатын болады.

Бұған қоса, стипендиядан айыруға және Комиссияға келіп түскен өтініштерді қарауға байланысты мәселелер қаралды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің