National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаевты қабылдады

2013 жылғы 25 шілде

 

Бас прокурор бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша елдегі заңдылықтың жай-күйі мен құқықтық тәртіп туралы хабардар етті, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев елдегі криминогендік ахуалды жақсарту жөніндегі жұмысты одан әрі жандандыруға, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыруға назар аударды.

Бас прокурор алты айдың қорытындысы бойынша ашылмаған қылмыстың азайғаны туралы мәлім етті. Бұл ретте ол барлық қылмысты тіркеу нақты көріністі біліп отыруға және анағұрлым проблемалы учаскені анықтап, уақтылы алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік туғызатынын атап өтті.

– Бірінші жартыжылдықта біз 177 мың қылмысты, соның ішінде тонау, ұсақ бұзақылық тәрізді қылмыс түрлерін тіркедік. Оның бәрі есепке алынып, олар бойынша тексеріс жүргізіледі. Қазіргі уақытта ауыр және аса ауыр қылмыс 16 пайызға азайғаны, адам өлімі, қарақшылық пен тонаушылық саны да азая бастағаны атап өтілуде, – деді А.Дауылбаев.    

Бұған қоса, А.Дауылбаев азаматтардың еңбек құқықтарын, жетім балалар құқықтарын қорғау салаларындағы заңдылықтың жай-күйі,  ұйымдасқан қылмысқа, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөнінде жүргізілген жұмыстар, сыбайлас жемқорлық және бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша өзекті қылмыстық істердің тергелу барысы туралы хабардар етті.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыруды, сондай-ақ азаматтардың, шағын және орта бизнес өкілдерінің құқықтарын, мемлекет пен қоғам мүдделерін қорғауды күшейтуді тапсырды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің