National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровты қабылдады

2013 жылғы 16 қаңтар

 

Н.Қаппаров Қазақстан Президентіне Астанада ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік көрмесін ұйымдастыру тұжырымдамасы жөніндегі негізгі көзқарастар мен ұсыныстар туралы баяндады.

Мемлекет басшысы бүкіләлемдік көрмені өткізудің және кең танытудың бірыңғай тұжырымдамасын әзірлеудің маңызын атап өтті.

Қоршаған ортаны қорғау министрі көрме учаскесінде «жасыл экономиканың» барлық нысандарын - жетілген электр желілерін, жаңғыртылған энергия көздері бар ғимарат салу, «Болашақтың энергиясы» тақырыбына сәйкес келетін өзге маңызды элементтермен және электромобильдармен жабдықтау көзделіп отырғанын, сонда ғана «жасыл» энергетиканы қолдануда толық тиімділікке қол жеткізілетінін айтты.

Қазақстан Президенті министрлік ЭКСПО-2017 идеясын іске асыру жөніндегі нақты ұсыныстарды әзірлеу үшін барлық мүдделі тараптардың жұмысын үйлестіру, оларды анықтау және бұл іске тарту жөніндегі негізгі органдардың бірі болуы қажеттігін атап өтті.

- Мұндай бірегей жоғары технологиялық жобаның құрылысы елімізді технологиялық тұрғыда дамытуда үлкен серпіліс жасау үшін мол мүмкіндік береді. Бүкіләлемдік көрменің аумағы бүкіл Қазақстанның жетістіктер алаңына айналады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы осы бағыттағы жұмысты жалғастыруды және Астанада бүкіләлемдік көрмені өткізу тұжырымдамасы жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырды.           


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің