Р.Түсіпбеков Мемлекет басшысына сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күресті күшейту жөнінде Агенттік қабылдаған шаралар туралы баяндады.
Бұдан басқа, ол қаржы полициясы органдарының жедел-қызмет жұмысының нәтижелері және резонансты қылмыстық істердің тергелу барысы туралы хабардар етті.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Агенттік алдына бірқатар міндеттер қойды және нақты тапсырмалар берді.