National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовті қабылдады

2020 жылғы 01 қазан

Президентке экономикалық өсімді қалпына келтіруге және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған  Қазақстанның жаңа экономикалық бағдарының негізгі қағидаларын жүзеге асыру жайында баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономиканы басқаратын құрылымдарды және мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің механизмдерін жетілдіру, инвестиция тарту шаралары жөнінде мәлімет берілді. Сонымен қатар әлеуметтік нысандар салу және тұрғын үй-коммуналдық секторды жаңғырту мәселелері сөз болды.  

Мемлекет басшысы ауылдық жерлерді дамытудың перспективаларына, соның ішінде «Ауыл – ел бесігі» жобасына ерекше назар аударды. Осы бастаманың аясында бес жыл ішінде 3500 ауылды жаңғырту көзделуде. Президент ауылдық жерлердегі инфрақұрылымның сапасын қалалық деңгейдегі стандартқа жақындатуды тапсырды.    

Кездесу барысында микро және шағын бизнесті тексеруге жарияланған мораторий үш жыл ішінде 100 мыңға жуық тексеріс жүргізуді болдырмауға мүмкіндік беретіні атап өтілді. Бұл бизнесті ретке келтіру ісінің жаңа парағын ашуға оң ықпал етеді.  

Қасым-Жомарт Тоқаев министрге бизнес жүргізу ісін реттеуді және салық салуды жеңілдету жөнінде бірқатар тапсырма берді.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің