National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесулер өткізді

2019 жылғы 28 тамыз

Белгілі қоғам қайраткері, публицист Сейдахмет Құттықадаммен әңгімелесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жұмысының өзекті аспектілері, аталған диалог алаңының еліміздің әлеуметтік-саяси өміріндегі рөлі талқыланды.

Сонымен қатар, кездесуде қазіргі ішкі саяси ахуал және Орталық Азиядағы өңірлік үдерістер жөнінде сөз болды.

Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Асылбек Қожахметовпен өткен кездесуде азаматтық қоғамды дамыту, мемлекеттік органдар жанындағы қоғамдық кеңестердің рөлін арттыру мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы азаматтық секторды нығайтудың және оның әлеуетін әртүрлі салада пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, білім және ғылым саласын жаңғырту, университеттердің жаңа рөлі мен олардың мүмкіндіктерін ұлттық экономиканы реформалау ісіне пайдалану жөнінде сөз болды.

Президент «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Берік Әбдіғалимен «Ұлытау-2019» халықаралық туристік форумында ұсынылған бастамалардың іске асырылу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, елімізде этнотуризмді кеңінен насихаттау қажеттігіне ерекше назар аударылды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің