National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

2019 жылғы 20 ақпан

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының 2018 жылы атқарған жұмыстары жөнінде есеп берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі көрсеткіштерінің нәтижелері жақсы екенін айтты. 

– Жалпы, Қор қызметінің қорытындылары басқа жылдармен салыстырғанда өте жақсы. Акционерлік қоғамның барлық компаниялары жылды табысты аяқтап, кірістерін арттыра түсті. Сонымен қатар, Қордың басқару деңгейлері жоспарлы түрде оңтайландырылды, – деді Елбасы.

А.Есімов Мемлекет басшысына Қор активтерін жекешелендіру барысы, «Қазақтелеком» және «Air Astana» компанияларын IPO-ға шығару жоспары, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының «Сарыарқа» газ құбыры магистралін салу жұмыстарын қаржыландыру ісіне атсалысуы жөнінде баяндады.

Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің