National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасының төрағасы Қуандық Бишімбаевты қабылдады

2015 жылғы 07 желтоқсан

 

Қ.Бишімбаев  кездесу барысында Елбасыға холдингтің 2015 жылғы қызметінің қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады.

Мемлекет басшысы бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттырудың, шетелдік инвестиция тартудың, мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамытудың қажеттілігіне назар аударды.

Қ.Бишімбаев жүзеге асырылып жатқан» Нұрлы жол» бағдарламасы аясында биыл холдинг желісі бойынша 29 мың жұмыс орны ашылып, 10 мыңнан астам шағын және орта бизнес субьектісіне қолдау көрсетілгенін, соның арқасында салық түсімдерінің көлемі 40 миллиард теңгеге жеткенін атап өтті. Сонымен қатар бүгінде жалға берілетін әлеуметтік баспана бағдарламасы бойынша 5,5 мыңға жуық пәтер пайдалануға берілді, жыл аяғына дейін олардың саны 7 мың дейін жеткізіледі.

Холдинг басқармасының төрағасы сондай-ақ инвестиция түрінде 320 миллиард теңге берілгенін, бұл қаражат химия, өндіріс және мұнай өңдеу, металлургия және тамақ өнеркәсібі салаларындағы жаңа 13 ірі индустриялық жобаны жүзеге асыруға бағытталғанын айтты.

Қ.Бишімбаев үздік әлемдік тәжірибені ескеріп, Германия, Сингапур, АҚШ, Малайзия және басқа елдердің осындай бағдарламаларының үлгісімен әзірленген «Бәсекелестік көшбасшылары – Ұлттық чемпиондар» бағдарламасын жүзеге асырудың аралық қорытындылары туралы да баяндады. Бүгінде оған қатысушы компаниялардың бірқатары холдингтің даму институттарынан қаржылық қолдауға ие алып, әзірленген бастамаларды енгізумен айналысуда.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің