Кездесу барысында Мәжіліс қызметінің негізгі бағыттары талқыланды. Мемлекет басшысы Парламенттің Бес институционалдық реформаны жүзеге асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету ісі жөнінде жемісті жұмыс жүргізгенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ бүгінде депутаттардың алдында маңызды міндеттер тұрғанын, қазақстандықтардың әл-ауқаты соларды табысты жүзеге асыруға байланысты екенін айтты.