National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы Қорғаныс министрі Серік Ахметовті қабылдады

2014 жылғы 13 тамыз

 

Кездесу барысында С. хметов Қарулы Күштерді ұдайы жауынгерлік дайындықта ұстау жөніндегі жүйелі жұмыстар туралы баяндады, әскерлердің жауынгерлік шеберлігін арттыру, армияны қару-жарақтың заманауи үлгілерімен және әскери техникалармен жабдықтау мақсатында өткізілген ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар туралы әңгімеледі. 

Мемлекет басшысы елдің қорғаныс өнеркәсібі кешенін әрі қарай дамытудың маңыздылығына және жетекші халықаралық өндірушілермен әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайтудың қажеттілігіне назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев оқ-дәрілерді қазақстандық кәсіпорындарда өндіру, сондай-ақ қару-жарақтар мен әскери техникалар жеткізетін сенімді көздерді анықтау мәселелеріне мән берді.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті министрлік қызметінің аспектілерін ықшам Үкімет құру және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі міндеттерді ескере отырып қарастыруды тапсырды. 

Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің