Е.Тоғжанов Мемлекет басшысына Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбымен өтетін алдағы ХХІІ сессиясына дайындық барысы туралы баяндады. Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі сондай-ақ этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісін ілгерілету жөніндегі жұмыстар мен өңірлердегі достық үйлерінің, этномәдени бірлестіктердің қызметі туралы айтты.