National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесті

2016 жылғы 02 желтоқсан

Кездесуде Байқоңыр ғарыш айлағын одан әрі дамыту, сондай-ақ қорғаныс және қару-жарақ мәселелері жөнінде Қазақстан мен Ресей үкіметтері жүргізіп жатқан жұмыстар барысы қарастырылды.

– Біз қорғаныс өнеркәсібі саласында бірлескен кәсіпорындар құру мәселесін бұған дейін де талқыладық. Осы мақсатпен біздің елде жеке министрлік құрылды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысына Ресей Үкіметінің вице-премьері болашақта бірлесе жүзеге асырылатын «Бәйтерек» жобасының техникалық жағы туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.

– Бұл жоба мүлде жаңа зымыран-ғарыш техникасын жасауға және зымыран жөнелту кешенін жаңғыртуға бағытталған. Жоба жөнінде қол жеткізілген уағдаластықтар екі ел басшылары тарапынан ресми рәсімделген жағдайда Байқоңыр қаласы мен жөнелту кешенін дамытудың жарқын перспективасына жол ашылады, – деді Д.Рогозин.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасында экономиканың басқа салалары бойынша да ілгерілеушіліктер бар екенін атап өтті.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің