Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин Мемлекет басшысына заң жобалау жұмыстары жоспарын орындау аясындағы Парламенттің төменгі палатасының үшінші сессия кезеңіндегі қызметінің қорытындылары жөнінде мәлімдеді. – Мәжіліс 24 заң жобасын, соның ішінде үшжылдық бюджетті, салық, әкімшілік және кеден кодекстерін, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қабылдады. Осылайша, заң жобаларының барлық топтамасы Сенатқа жолданды, – деді Н.Нығматулин. Кездесу соңында Елбасы Қазақстанның үшінші жаңғыруы үрдісін уақтылы заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету аясында Парламент Мәжілісі қызметінің маңызды екенін айтты.