National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаев «Astana Group» компаниялар тобының президенті Нұрлан Смағұловты қабылдады

2019 жылғы 07 ақпан

Кездесу барысында Мемлекет басшысына отандық автомобиль өнеркәсібін одан әрі дамытуға байланысты тапсырмалардың орындалуы жөнінде мәлімет берілді. 

Нұрлан Смағұлов Нұрсұлтан Назарбаевқа «Астана Моторс» компаниясының Алматы қаласында «Hyundai» жеңіл көлігін жасау зауытының құрылысын бастағаны жөнінде баяндады.

– Кәсіпорынның қуаты алғашқы кезеңде 30 мың автомобиль шығаруға жетеді. Ал, келесі кезеңде өндіріс көлемі жылына 45 мыңға дейін артатын болады. Соның арқасында Қазақстан нарығын сапалы әрі қолжетімді «Hyundai» маркалы жеңіл автомобилімен қамтамасыз етуге, сондай-ақ көлікті ТМД елдеріне экспорттауға жол ашылады. Жобаға бөлінген инвестицияның жалпы көлемі – 25 миллиард теңге. Бұған өз қаражатымыздан бөлек коммерциялық талаптарға сай заемдік қаржы тартылмақ. Зауыт 700 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, – деді Нұрлан Смағұлов.   

Кездесу соңында Нұрлан Смағұлов Мемлекет басшысына Қазақстан бизнесіне тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқаны және «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы сияқты көлік саласына несие бөлу бағдарламасы жөнінде шешім қабылдағаны үшін алғыс айтты.  


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің