National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Ли Кэцянды қабылдады

2014 жылғы 14 желтоқсан

 

Кездесу барысында екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық, отын-энергетикалық және көлік-транзиттік салалардағы ынтымақтастығының негізгі мәселелері талқыланды. Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар жөнінде пікір алмасылды.

Қазақстан Президенті Қытаймен арадағы қарым-қатынастардың қарқыны мен достық сипатына тоқталды.

– Біз ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен бірнеше рет кездестік, елдеріміздің әрі қарайғы ықпалдастығына қатысты көптеген мәселелерді талқыладық. Бұл байланыстар нақты экономикалық сипат алып отырды, олардың ең ірісі энергетикалық серіктестікте көрініс тапты. Бүгінде Қазақстан мұнайының едәуір бөлігі қытайлық компаниялардың қатысуымен өндіріледі. Біз Қазақстан арқылы экспорттық құбыр желісін салдық, – деді Мемлекет басшысы.  

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің көлік-транзиттік салада табысты ынтымақтасып отырғанына назар аударды.

– «Қорғас» мемлекетаралық сауда орталығының құрылысын, сондай-ақ  біздің еліміз арқылы транзитті қамтамасыз ету үшін теміржол және автокөлік жолдарын салу жөнінде бірлескен жұмыстар атқарылуда. Бұл орайда біз ҚХР Төрағасының Ұлы Жібек жолын жаңғырту, инфрақұрылымдық жобалар үшін тиісті қор және банк құру туралы бастамасын қолдаймыз, – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Ли Кэцян өз кезегінде Мемлекет басшысына ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің сәлемі мен игі тілектерін жеткізді, сондай-ақ екі елдің өзара ықпалдастығы оң сипатта дамып келе жатқанына тоқталды.   

– Қытай халқы мен үкіметі атынан Сізді алдағы келе жатқан мерекемен –Қазақстанның Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтағым келеді. Біздің елдеріміздің арасындағы ынтымақтастық өте жоғары деңгейде. Мен қазақстандық әріптестерімізбен қарым-қатынастарымызды бұдан әрі нығайту жөнінде пікір алмасуға әзірмін, – деді Ли Кэцян.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің