Тараптар қорғаныс саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың қазіргі мәселелері мен перспективаларын талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев С.Шойгумен кездесу барысында Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығын атап өтудің маңыздылығына тоқталып, оның аясында бірқатар салтанатты іс-шара ұйымдастырылатынын айтты.