National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

2017 жылғы 23 тамыз

Қазақстан Президенті еліміздің экономикасында қордың маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, оны әрі қарай дамытудың жекелеген бағыттарына тоқталды.

– «Самұрық-Қазына» қорының ел экономикасы үшін маңызы зор. Ол мемлекеттің негізгі активтерін басқарып отыр. Қазіргі уақытта ахуалы жақсы. Металдар бағасының конъюнктурасы қолайлы болып қалуда, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ө.Шөкеев Мемлекет басшысына биылғы 7 айда атқарылған жұмыстардың қорытындысы, сондай-ақ қорды және оның еншілес кәсіпорындарын трансформациялау барысы туралы баяндады.

– Қордың өндірістік және баға көрсеткіштері былтырмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Жалпы, қордың жағдайы тұрақты. Қазір еншілес компанияларда трансформациялаудың 130-ға жуық жобасы енгізілуде. Жекешелендіруге қатысты айтсақ, жоспарланған 215 нысанның 60%-ы жекешелендірілді. Бүгінде ірі компанияларды сатуға кірістік, – деді «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы.

Сондай-ақ, Ө.Шөкеев Халықаралық IFSWF-2017 тәуелсіз әл-ауқат қорлары форумын өткізуге дайындық барысы жөнінде айтты. Онда әлемдік экономика жағдайындағы инвестициялық саясат мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің