Кездесуде Президент Жолдауын тиімді іске асыру және «Қазақстан – 2050» Стратегиясын құқықтық қамтамасыз ету үшін қажетті заң жобалары талқыланды. Н.Нығматулин Мемлекет басшысын Парламент Мәжілісінің заңнамалық қызметі жөнінде хабардар етті, сондай-ақ Президент Жолдауын түсіндіру үшін депутаттардың өңірлерге сапарының қорытындысы туралы айтты. Мәжіліс төрағасы парламентшілердің халықпен жалпы саны 1300-ден аса кездесуі өткенін, оған 140 мыңдай адам қатысқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, Н.Нығматулин V сайланымдағы Парламент жұмысы кезеңінде 255 заң жобасы қарау үшін қабылданғанын, оның 21-іне депутаттардың бастамашылық еткенін атап өтті. Сенатқа 183 заң жобасы жолданған, қазір оның 173-і заңға айналды. Бүгінде Мәжілістің заңнама қоржынында 60 заң жобасы қаралуда. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты міндеттер жүктеді.