National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Чыонг Тан Шангпен кездесті

2012 жылғы 10 қыркүйек

Кездесу барысында тараптар саяси өзара іс-қимыл мәселесін, сауда-экономикалық, индустриялық-инновациялық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды жандандыруды талқылады.

Мемлекет басшысы соңғы жылдары Вьетнамның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында, сондай-ақ халықаралық аренада елеулі прогреске қол жеткізгенін атап өтті.

- Қазақстан Вьетнамды Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды стратегиялық серіктес ретінде қарастырады. Менің өткен жылғы Вьетнамға сапарым және Сіздің Қазақстанға алғашқы сапарыңыз екіжақты қарым-қатынастарды кеңейту және тереңдету үшін ерекше қолайлы жағдай жасайды. Біздің елдеріміздің экономикалық ынтымақтастығы әзірше бастапқы кезеңінде тұр. Соңғы бір-бір жарым жыл ішінде өсу үрдісі байқалуда. Қазір Қазақстанда Вьетнам мәдениетінің күндері өтуінің маңызы зор, сондай-ақ Астана мен Ханой қалалары арасында туыстық қатынастар орнығуда. Бұл біздің халықтарымызды жақындата түседі, сондай-ақ экономикалық және саяси ынтымақтастығымызды кеңейтуге септігін тигізеді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Вьетнам Президенті Чыонг Тан Шанг өзінің бұл сапарына зор қанағаттанушылық сезімін білдіре келе, шын ниетті қабылдаулар үшін алғысын айтты.

- Мен туысқан қазақ халқының орасан жетістіктеріне сүйіспеншілігімді білдіремін. Сіздің басшылығыңызбен еліңіз аймақтағы және әлемдегі өзінің позициясын күшейтіп, бекіте түсті. 2012 жылы біздің елдеріміз дипломатиялық қатынастар орнауының 20 жылдығын атап өтеді. Біз дәстүрлі достық пен ынтымақтастыққа негізделген байланыстарымыз ұдайы дамып әрі нығайып келе жатқанына дән разымыз. Біз екіжақты қатынастардың жаңа беттерін ашқан Сіздің өткен жылы Вьетнамға жасаған тарихи сапарыңыздың нәтижелерін жоғары бағалаймыз. Менің Қазақстанға жасаған бұл сапарым бүгінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын тағы салыстырып көріп, біздің серіктестігімізді одан әрі дамыту жөніндегі шараларды келісуге және пікір алмасуға мүмкіндіктер беретініне сенемін, - деді Ч.Тан Шанг.              

Вьетнам Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары екі елдің толыққанды ынтымақтастығын дамытуға жаңа серпін беретін екіжақты қарым-қатынастардағы маңызды кезеңі болып саналады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің