С.Мыңбаев ұлттық компанияның бірінші жартыжылдықтағы қызметінің қорытындысы туралы хабардар етті және таяу келешектегі жоспарлар туралы айтып берді. Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ отандық ірі компаниялардың бірі болып саналатынын, еліміздің экономикасының дамуы көп жағдайда оның қызметіне байланысы екенін атап өтті, сондай-ақ технологиялық күрделі жобаларды іске асыру үшін өзіміздің жоғары білікті кадрларымызды даярлау қажеттігіне назар аударды. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.