Мемлекет басшысы Э.Кордеспен сәлемдескен соң, оған 2012 жылдың ақпан айында Берлинге ресми сапары аясында өткен бизнес-форумға даярлық жасауға, сондай-ақ оның ашылуына қатысқаны үшін алғыс айтты.
- Неміс Үкіметіне Сіздің ұсынысыңыз бойынша Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу жөніндегі қазақстандық бастамаға қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіремін. Біздің соңғы кездесуіміз барысында біз минералдық ресурстар, индустрия мен жоғары технология саласындағы өзара ынтымақтастық туралы келістік. Бүгінде алғашқы алдын-ала қорытындыны шығару қажет, - деп атап өтті Қазақстан Президенті.
Германия экономикасы шығыс комитетінің төрағасы Экхард Кордес кездесу үшін алғысын білдірді.
- Сіздің еліңіздің экономикалық даму қарқыны маған ерекше әсер еткенін атап өткім келеді. Сондай-ақ, соңғы уақытта жандана бастаған Қазақстан мен Германия арасындағы өзара қарым-қатынастардың жағымды динамикасын атап өтпекпін. Біз биылғы ақпан айында қол қойған келісім екі елдің экономикасы үшін өте маңызды, - деді Э.Кордес.
Кездесу барысында тараптар сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жаңа келешегін белгіледі.
Кездесудің бейне нұсқасын осы жерден көріңіз.