National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады

2013 жылғы 15 қаңтар

 

Қазақстан Президенті Ақтөбе облысы еліміздегі ең ірі өңірлердің бірінен саналатынын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев облысты әлеуметтік-экономикалық дамытудың маңызды екенін атап өтті және жергілікті инфрақұрылымға, атап айтқанда, құрылыс пен жол жөндеуге, тұрғындарды газбен және сумен қамтамасыз етуге, мектеп, аурухана және өзге де әлеуметтік нысандар салуға  көбірек көңіл бөлу керектігін қадап айтты.

А.Мұхамбетов Ақтөбе облысының 2012 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы және өңірде индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының орындалу барысы туралы баяндады. Сондай-ақ, облыс әкімі республикалық Индустрияландыру картасына енгізілген ең ірі жобаларды іске асыру туралы айтып берді. Олардың қатарында шыны, рельсті арқалық, газ өңдейтін және ферросплав зауыттары құрылыстары бар. Бүгінде Индустрияландыру картасы аясында Ақтөбе облысында құны 633,8 миллиард теңгелік 74 жоба іске асырылуда. Оларды пайдалануға бергенде 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.

Жалпы, өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші орташа республикалық деңгейден жоғары тұр. Мысалы, өнеркәсіп өндірісі 1 триллион 315 миллиард теңгені құрады. Құрылыс жұмысының көлемі 23 пайызға өсті, өңірде 430 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 4,7 пайыз жоғары. Бұдан бөлек, Ақтөбе облысында 430 миллиард теңге инвестиция тартылды, оның жартысын шетелдік тікелей инвестиция құрайды.

Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы облыста индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру барысын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.          


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің