Мемлекет басшысына 2018 жылдың қорытындысы бойынша қаланың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы баяндалды. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев барлық қажетті инженерлік-көліктік инфрақұрылымды іске қосуды көздейтін және 2019-2023 жылдарға арналған елорданың шағын құрылысы жөніндегі кешенді жоспармен танысты. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев жеңілдігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін қабылданатын шаралар туралы, сондай-ақ жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі есепті тыңдады. Соңында Мемлекет басшысы елорданы одан әрі дамытуға, соның ішінде қала көшелерін, саябақтар мен гүлзарларды лайықты абаттандыруға, тазалық пен тәртіпті сақтау үшін қала мәдениетін қалыптастыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.