National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ делегациясымен кездесті

2019 жылғы 16 мамыр

Мемлекет басшысы Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның Атқарушы хатшысы Армида Алисджабана бастаған БҰҰ делегациясымен кездесті.

– Сіздермен Нұр-Сұлтан қаласында кездескеніме қуаныштымын. Сіздердің БҰҰ атынан келіп, Астана экономикалық форумына қатысқандарыңыз жиынның табысты өтуіне септігін тигізеді. Ұйымыңыздың негізгі мақсат, міндеттерін жақсы білемін. Мен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметінде болған кезімде бірнеше жиынына қатысқан болатынмын. Қазақстан Ұйыммен ашық жан-жақты іс-қимылға дайын, кез келген шарасына қатысуға әзір, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Армида Алисджабана Қазақстан Президентіне Астана экономикалық форумына шақырғаны үшін БҰҰ делегациясының атынан алғыс білдіріп, Қазақстанның бастамаларына қолдау білдіретінін жеткізді.

Кездесуге БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, Еуропа және ТМД елдері бойынша БҰҰ даму бағдарламасының аймақтық бюро директоры М.Эггер, «БҰҰ – әйелдер» ұйымы атқарушы хатшысының орынбасары О.Регнер, БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы тұрақты үйлестірушісі Н.Шимомура, Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның Солтүстік және Орталық Азия елдері бойынша субаймақтық офис басшысының міндетін атқарушы Николай Помощников қатысты.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің