National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев VIII KazEnergy Еуразиялық форумына қатысу үшін келген Франция экс-Премьер-министрі Франсуа Фийонды қабылдады

2013 жылғы 08 қазан

 

Кездесу барысында Мемлекет басшысы екі елдің арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық деңгейі жоғары екенін, сондай-ақ оны келешекте арттыру үшін елеулі әлеуеттің бар екенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев Франция тауар айналымының көлемі жөнінен Еуроодақ елдері арасында Қазақстанның ірі серіктесінің бірі болып саналатынына да тоқталып өтті. Атап айтқанда, бүгінде экономиканың түрлі салаларында 25 бірлескен кәсіпорын өз қызметін жүзеге асыруда.

Бұған қоса, кездесуде екі елдің іскер топтары арасында өзара іс-қимыл аясын кеңейту бағытындағы одан арғы қадамдар қаралды.   


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің