National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Францияның Сыртқы істер министрі Лоран Фабиусты қабылдады

2013 жылғы 01 наурыз

Мемлекет басшысы Францияның сыртқы саясат ведомствосы басшысының сапары екіжақты қатынастардың нығаюының жоғары қарқынын танытатынын атап өтті.

- Біздің елдеріміздің ынтымақтастығы серпінді дамып келеді. Үш ай бұрын мен Франция Президенті Франсуа Олландпен кездестім. Қазір біз оның Қазақстанға сапарын күтудеміз. Біз үшін Франция Еуропалық одақ елдері арасында ірі инвесторлардың бірінен саналады. Қазіргі уақытта біз түрлі қызмет салаларындағы 25 бірлескен жобаны іске асырудамыз, екіжақты өзара іс-қимылды дамыту перспективалары өте зор, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Қазақстан Президенті бүгінде «Назарбаев ­– Олланд» екіжақты комиссиясы аясында жемісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын және бұл кездесулердің жалғасын табуы маңызды екенін атап көрсетті.

Францияның Сыртқы істер министрі Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты және француз көшбасшысының шын пейілді тілегін жеткізді.

- Мен үшін бұл кездесу ­- зор құрмет. Біз сізбен бұған дейін Парижде кездесіп, екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар маңызды бағыттарын талқылаған едік. Ең таяу уақытта Франция Президенті Сіздің шақыруыңыз бойынша Қазақстанға келу ниетінде. Бүгінде Франция мен Қазақстанның бірқатар біртұтас мәселелер бойынша көптеген ортақ ұстанымы бар, өйткені біздің елдеріміз бейбітшілікке және тұрақтылықты дамытуға ұмтылады, - деді Л.Фабиус.

Министр Қазақстанға сапары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және кеңейтуге, бұрын қол жеткізілген түрлі салалардағы уағдаластықтарды іске асыруға бағытталғанын атап өтті.

Кездесу барысында екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестік мәселелері қаралды, сондай-ақ халықаралық саясат, өңірлік және жаһандық қауіпсіздіктің кең ауқымды мәселелері жөнінде де пікір алмасылды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің