National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысы аясында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді

2013 жылғы 29 мамыр

Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев үш мемлекет басшысының бүгінгі кездесуінде маңызды құжаттар жиынтығы қаралатынын атап өтті. 

Қазақстан мен Ресейдің екіжақты қарым-қатынастарына қатысты Мемлекет басшысы ХХІ ғасырдағы тату көршілестік және одақтастық туралы әзірленіп жатқан барлығын қамтитын келісімшартқа биыл қол қойылады деген үмітін білдірді.   

- Біздің міндетіміз – өзара сауданы дамытып, Кеден одағын нығайту.  Басшылары Астанаға келген Украина мен Қырғызстан тараптарынан да қызығушылық байқалады. Олардың бұдан әрі шешім қабылдау үшін интеграциялық процестер барысымен жақынырақ танысуға жақсы мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, орайлы сәтті пайдаланып, Сізге G-20 саммиті жұмысына қатысуға шақырғаныңыз үшін алғысымды білдіргім келеді, – деді Қазақстан Президенті.

В.Путин өз кезегінде мемлекет басшыларының бүгінгі кездесуінің ұйымдастырылғаны үшін алғысын білдірді.

- Біз Ресей-Қазақстан қарым-қатынасын дамытуға Сіздің қаншалықты зор жеке ықыласыңызды бөлетініңізді көріп отырмыз. Осы тікелей атсалысудың арқасында біздің қарым-қатынастарымыз өте тиімді түрде әрі жедел дамып келеді, тауар айналымының көлемі өсуде. Сіз интеграциялық процестерде, әсіресе оның ең мәнді формалары мен түрлері бойынша сөзсіз көшбасшысыз. Сондықтан біздің нақ осында, Астанада кездесуіміздің символдық мәні бар.  Кездесуіміз жемісті және пайдалы болатынына сенімдімін, – деді Ресей Президенті.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің