National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысы аясында Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен кездесті

2013 жылғы 29 мамыр

Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев кездесудің Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттер басшыларының жоғары деңгейдегі биылғы бірінші кездесуі екенін атап өтті.

- Талқыланатын бірқатар мәселелер мен шешімдер жобалары бар. Бұл Еуразия экономикалық одағын құру жөніндегі құжаттар дайындау аясындағы өте маңызды да мәнді кездесу деп санаймын. Екіжақты қарым-қатынастарымыздың дамуына келсек, сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқыны жақсы және оны арттыру үшін айтарлықтай әлеует бар. Біздердің экономикалармыз бір-бірін өзара толықтырады және Кеден одағы оның бұдан әрі дамуына септігін тигізетін болады, – деді Қазақстан Президенті.

А.Лукашенко Қазақстанға келу мүмкіндігі үшін алғысын білдіріп, интеграциялық поцестерде Қазақстан елордасының маңыздылығын атап өтті.

- Біз әр жолы Астанада болғанда өзімізге әлдене алуға тырысамыз. Бұл қалада озық технология, қызғылықты архитектуралық ойлар бар. Беларуське сай келетін нәрселер бар екен көріп отырмыз, сіздердің мамандарыңызбен түрлі жобалар бойынша келісім жүргізудеміз. Біз Қазақстанды Беларусь үшін ең тиімді және перспективалы серіктес ретінде танып отырмыз. Әртүрлі жобаларды сіздің елде жүзеге асыруда біз үшін ешқандай проблема жоқ, бұл ынтымақтастығымыздың деңгейі жоғары екенін білдіреді, – деді  Беларусь Президенті.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің