National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шетел инвесторлары кеңесінің 26-шы отырысына қатысу үшін келген «Дженерал Электрик Транспортейшн» компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Лорензо Симонеллимен кездесті

2013 жылғы 21 мамыр

Әңгімелесу барысында тараптар мұнай-газ инфрақұрылымы, энергетика, теміржол және авиациалық транспорт, су тазалау, денсаулық сақтау салаларын қоса алғанда, түрлі бағыттардағы ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады.

Еліміздің Президенті Қазақстан мен «Дженерал Электрик» компаниясы арасындағы ынтымақтастық жақсы серпінге ие болып отырғанын атап өтті.

- Бүгіндері 200-ден астам локомотив шығарылды және бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табуда. Біздің өзара іс-қимылымыздың келесі кезеңі жолаушылар локомотивтері мен олардың двигательдерін шығару, сондай-ақ компанияның мұнай-газ секторына қатысуы болып табылады. Біз үшін елімізде өндірісті өрістетуді қамтамасыз ету өте маңызды. Қазақстан «Дженерал Электрик» компаниясымен ынтымақтастық аясын одан әрі кеңейте түсуге мүдделі, - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ынтымақтастықтың аса маңызды бағыттарының бірі Қазақстанда медициналық жабдықтарды шығаратын зауыт құрылысы, сондай-ақ Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу аясында су тазарту және қоршаған ортаны қорғау мәселелері болып табылатынын атап өтті.

Өз кезегінде Л.Симонелли өзінің Қазақстанға сапары ел дамуының нәтижелерін көруге тамаша мүмкіндік беретініне тоқталды.

Ол ЭКСПО-2017 көрмесі Қазақстан үшін мол мүмкіндіктерге жол ашатынын, ал «Дженерал Электрик» компаниясы бұл іс-шараға біздің еліміздің серіктесі ретінде қатысуға дайын екенін жеткізді.

«Дженерал Электрик» компаниясының өкілдігі Алматыда 1994 жылы ашылған болатын. Бүгінде онда 200-ден астам қызметкер жұмыс істейді. «Дженерал Электрик Транспортейшн» бөлімшелері әлемдегі жетекші дизельді локомотивтерді өндіруші болып саналады. Компанияның әлемнің барлық еліндегі жұмысшылар саны 12 мың адамнан асады. Астанада GE Evolution жаңа үлгідегі локомотивтер өндірісі зауыты салынған.     


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 24 қаңтар

Мемлекет басшысы «Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады

2025 жылғы 27 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады

Жарлық

2025 жылғы 23 қаңтар

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің