National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады

2020 жылғы 16 қазан

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің әскери және әскери-техникалық ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланды.

– Әскери-техникалық сала, әскери бағыт Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарда маңызды орын алады, – деді Президент.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қол қойылған Әскери ынтымақтастық туралы шартты құптады және оның Ресей Қорғаныс министрінің Қазақстанға жасаған сапарының маңызды нәтижелерінің бірі екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сергей Шойгуді Жеңістің 75 жылдығына арналған парадтың жоғары деңгейде ұйымдастырылып, табысты өткізілгенімен құттықтады.   

Ресей Қорғаныс министрі кездесуге және қазіргі заманның өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік жасағаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты.

– Әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың дәстүрлі стратегиялық және одақтастық сипаты бар. Бүгінгі қол қойған келісімнің аса маңызды екені сөзсіз. Бұл барлық әскери ынтымақтастық туралы келісімдердің ішіндегі ең ауқымдысы әрі мазмұндысы, – деді Сергей Шойгу.  

Ресейдің Қорғаныс министрі Қазақстан әскерилерінің Қызыл алаңда өткен Жеңістің мерейтойлық парадына жоғары деңгейде қатысқаны үшін Мемлекет басшысына алғысын білдірді. Оның айтуынша, бұл екі ел арасындағы қатынастардың жоғары деңгейде екенін көрсетті. Сонымен қатар ол Қазақстан Қарулы Күштері сарбаздарының Халықаралық әскери ойындарға белсенді қатысқанын атап өтті.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Сергей Шойгуді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің