National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Шри-Ланка Социалистік Демократиялық Республикасының Президенті Махинда Раджапаксамен кездесу өткізді

2012 жылғы 20 қараша

 

Шри-Ланка Президентінің Қазақстан мен Орталық Азияға алғашқы сапары біздің мемлекетпен өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға бағытталған.

Кездесу барысында тараптар саяси өзара іс-қимыл мен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық серіктестік мәселелерін талқылады.

Қазақстан Президенті Астана мен Коломбо жаhандық және өңірлік қауіпсіздіктің негізгі мәселелері бойынша ұқсас ұстаным ұстанатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы М.Раджапаксаға Қазақстанға алғашқы сапар жасау туралы шақыруын қабыл алғаны үшін алғысын айтты.

- Сіздің бұл сапарға өте мән бергендігіңізден, Сізбен бірге елдің басшылық құрамы мен Шри-Ланканың іскер топтарының өкілдері келді. Сіздің мемлекеттік сапарыңыз біздің елдеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастар орнауының 20 жылдығымен тұспа-тұс келді. Бізде өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуға, бір-бірімізді жақынырақ білуге жақсы мүмкіндіктер бар. Бұл кездесу біздің елдеріміздің экономика, саясат, мәдениет тәрізді түрлі салалардағы ынтымақтастығына жаңаша серпін береді деп сенемін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде, Шри-Ланка Президенті бүкіл делегация атынан Қазақстан Президентіне Астанада көрсеткен қонақжай қабылдауы мен жылы сөзі үшін ризашылығын білдірді.

- Бұл - біздің елдеріміз арасындағы берік достықтың нақты көрінісі. Мен Астанаға келгенде, Сіздің дана басшылығыңызбен Сіздің еліңіз қол жеткізген прогресті көру мүмкіндігіне ие болдым. Оған елордаларыңыздың әсемдігі дәлел бола алады. Бұл сапарым біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың нақты саласын анықтауға мүмкіндік береді деп ойламын, - деді М.Раджапакса.           

Шри-Ланка Президентінің мемлекеттік сапары одан әрі ынтымақтасуға негіз болатын, кең ауқымды өңірлік және жаhандық мәселелер бойынша ашық пікірлер алмасу үшін қолайлы кеңістік жасай алады.  


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің