Б.Әбдішев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік және салалық бағдарламаларды тиімді іске асырудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті өңірдің экономикасының өсімін, тұрғындарының жұмыспен қамтылуын және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруды қамтамасыз ету қажеттігін атап көрсетті. Қарағанды облысының әкімі әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық көрсеткіші оң қарқын алып отырғанын мәлімдеді. Жалпы өңірлік өнім 2,6 трлн. теңге, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,4 трлн. теңге болды. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.