National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады

2013 жылғы 14 ақпан

 

Н.Нығматулин Қазақстан Президентіне V сайланымдағы Парламент Мәжілісінің заң шығару жұмысы туралы баяндады. Бұған қоса, Парламенттің төменгі палатасының төрағасы депутаттардың еліміз өңірлері тұрғындарымен кездесулерінің қорытындылары туралы айтты.

Кездесу барысында елдің әлеуметтік-экономикалық орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған заң жобаларын дайындау тақырыбы да қозғалды.

Н.Нығматулин V сайланымдағы Парламент жұмысы кезеңінде 133 заң жобасы қабылданғанын атап өтті. Сенатқа жолданған 84 заң жобасының 63-і бүгінде заңдық күшіне енді. Сонымен қатар, Қазақстан Президентінің тапсырмасына сәйкес, Үкіметпен бірлесіп әлеуметтік жаңғыртуды қамтамасыз ету және «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру мәселелеріне байланысты жұмыс жоспары дайындалды.

Мемлекет басшысы парламентшілердің халықпен кездесуінің маңыздылығына назар аударды.

- Депутаттар еліміздің барлық өңірін  аралап шығып, «Қазақстан-2050» Стратегиясын түсіндіру жұмыстарын жүргізді және атқарылған істер туралы айтып берді. Бұл - өте маңызды. Биыл бұдан да көп әрі белсенді жұмыстар күтіп тұр, - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті заң жобаларын әзірлеу кезінде кешенді талдаудың қажеттігіне назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша, Мемлекет басшысы талқыланған мәселелер бойынша тиісті тапсырма берді және бірқатар нақты міндет жүктеді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің