National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Сот Төрағасы Бектас Бекназаровты қабылдады

2012 жылғы 24 желтоқсан

 

Кездесуде сот жүйесінің ағымдағы жағдайы, сондай-ақ, оны әрі қарай жетілдіру мә­се­­лелері мен алдағы кезеңге ар­нал­ған міндеттер талқыланды.
Мемлекет басшысы істерді әділетті қарауды қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.

-Кейбір жағдайларда сот­қа қайырылған азаматтар сөз­бұйдалық фактілеріне кез болып жататын проблемалар бар. Сот ісі төменгі сот инстанциясы­нан жоғары тұрған сот органына беріледі және содан кейін қайтадан қарауға қайтарылса, азаматтар тарапынан орынды реніш туғызады. Осылайша, істі әділетті қарау тежеледі, - деді Қазақстан Президенті.

Өз кезегінде Б.Бекназаров Мемлекет басшысына сот істерін объективті және сапалы қарау, сондай-ақ, тұрғындар үшін сот әділдігінің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша қа­был­данып жатқан шаралар туралы айтып берді.
Кездесу қорытындысы бо­йынша, Қазақстан Президенті мемлекеттің сот жүйесін әрі қа­рай жетілдіру бойынша бірқатар нақты міндеттер жүктеді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің