National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Серік Ахметовті қабылдады

2013 жылғы 08 қазан

 

Кездесуде С.Ахметов еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының биылғы 9 айдағы қорытындылары, сондай-ақ өңірлердегі жиын-терін науқанының барысы туралы баяндады.

Қазақстан Президенті бұл мәселе таяу уақытта өтеді деп жоспарланған Үкіметтің кеңейтілген отырысында да талқыланатынын атап өтті.

– Міндет – жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтау. Бұл әсіресе әлемде орын алып отырған дағдарыстық құбылыстарды ескергенде өте маңызды. Қысқы маусымға лайықты дайындықты қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығы жылын табысты аяқтап, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын қарастыру қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.   

С.Ахметов 9 ай ішінде 5,7 пайызды құраған жалпы ішкі өнімнің өсімі туралы хабардар етті.

– Инфляция биылғы жылы болжамды күйінде тұр. Жалпы ішкі өнімнің өсімі 2013 жылдың қорытындысы бойынша 6 пайыз деңгейінде болады деп отырмыз. Астық жинау науқанының аяқталуына қатысты айтсақ, жауын-шашынға байланысты Ақмола облысында ғана жиын-терін жұмысы аздап тоқтап қалды. Жалпы, бүгінде бункерлік салмағы 18,5 миллион тонна астық жинап алынды. Аптаның соңына дейін өңірлер жиын-терінді аяқтайды. Нәтижесінде биыл бункерлік салмағы 20 миллион тонна шамасында астық жиналып алынатын болады, – деп мәлімдеді Премьер-Министр. 

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелер бойынша бірқатар тапсырма берді.    


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің