National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін Мемлкет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның сауда палатасы мен тауарлар биржасы одағының президенті Рифат Хисарчиклыоғлыны қабылдады

2013 жылғы 18 қаңтар

Кездесуде екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын тереңдету және дамыту мәселесі талқыланды.

- Сіздер жоғары деңгейге көтерілген Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынасқа зор маңыз беріп отырғанымызды білесіздер. Менің Түркияға өткен жылғы сапарым кезінде бірқатар мәселелер жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Енді оларды орындау маңызды. Сондай-ақ оларды іске асырудың негізгі бағыттарын талқылау жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет деп санаймын, - деді Қазақстан Президенті.

Р.Хисарчиклыоғлы Нұрсұлтан Назарбаевқа кездесу үшін алғысын айтты және өзінің Қазақстанға бұл сапары екі елдің іскер топтарының ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

- Сізді Түркияда қабылдау біз үшін зор құрмет болды. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан зор табыстарға қол жеткізді және біз достас ел ретінде мұны мақтан етеміз. Біз Қазақстанның экономикалық жетістіктеріне қанағат сезіммен қараймыз және «Стратегия-2050» Жолдауында баяндалған мақсаттарға қол жеткізуге үлесімізді қосуға дайынбыз, - деді Түркияның сауда палатасы мен тауарлар биржасы одағының басшысы.

Бұдан бөлек, Р.Хисарчиклыоғлы Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен Түркия Республикасының Премьер-Министрі Р.Ердоғанның таяу уақытта екіжақты сауда деңгейін 10 миллиард долларға жеткізу туралы алға қойған мақсаты іске асатынын атап өтті. Ол бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін Түркияның іскер топ өкілдерінің Қазақстанға сапары жоспарланғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, екі елдің іскер топтарының индустриялық-инновациялық аймақты дамыту жөніндегі бірлескен жұмысы, сондай-ақ «Атамекен» ұлттық-экономикалық палатасымен көлік және логистика саласындағы жобаларды іске асыру жөніндегі жұмыс жоспарланып отыр.           


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің