National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министрдің орынбасары Қайрат Келімбетовті қабылдады

2013 жылғы 30 сәуір

 

Кездесу барысында Қ.Келімбетов Мемлекет басшысына макроэкономика және бюджет салаларындағы жұмыстың, сондай-ақ еліміздің қаржы секторын дамыту жөніндегі қызметтің негізгі бағыттары туралы баяндады. Сонымен қатар, елдің кеден және сауда саясатын одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды.  

Нұрсұлтан Назарбаев Қ.Келімбетов Еуразия кеңістігіндегі интеграция мәселелеріне жауапты адам ретінде қызмет атқаратынын атап өтті.

- Биылғы мамыр айының соңында жоғары деңгейде өтетін кездесудің таяп қалғанын ескере отырып, жүргізілген келіссөздер нәтижесін қарастыру және Қазақстаның мүддесі қаншалықты қорғалғанын анықтау қажет. Сондай-ақ, экономиканың жай-күйі мен оның даму қарқынына талдау жасаған жөн, - деді Мемлекет басшысы.

Қ.Келімбетов Қазақстан Президентін Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше үш елдің мемлекет басшыларының Жоғары Еуразия экономикалық кеңесі отырысына дайындалу аясында үш елдің вице-премьерлері деңгейінде тұрақты кездесулер өткізіліп тұратындығынан хабардар етті.

- Ең алдымен, Еуразия экономикалық одағы туралы шарт дайындалуда. Қазіргі нормативтік-құқықтық базаны бірыңғай құжатқа сәйкестендіру жоспарлануда. 2014 жылдың соңына дейін біздің елдеріміздің парламенттері қарауына барлық үш тарап келіскен құжатты дайындаймыз. Бұған қоса, жоғары деңгейдегі кездесуде одан арғы ықпалдасудың негізгі бағыттарын талқылау жайы қарастырылатын болады, - деді Қ.Келімбетов.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысында қаралған мәселелер жөнінде нақты тапсырмалар берді.           


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің