National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысы аясында Украина Президенті Виктор Януковичпен кездесу өткізді

2013 жылғы 29 мамыр

 

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев елдеріміз арасындағы өзара серіктестік қарым-қатынастардың жақсы дамып келе жатқанын атап өтті.

– Менің шақыруымды қабыл алып, Сіз біздің елге Кеден одағы аясында жүріп жатқан жұмыспен танысу үшін келіп отырсыз. Біздің барлық кездесуімізге Сіздің қатысуыңыздың пайдасы тиеді деп ойлаймын. Одақтың жұмысының алғашқы кезеңінде сауда айналымы 30-40%-ға артты.  Қазақстан мен Украина арасындағы екіжақты қарым-қатынастар да осындай қарқынмен дамып келеді. Өзара сауда былтыр 24%-дан асып түсті, бізге осы деңгейді ұстап тұру қажет. Біз қолда бар «жол картасы» есебінен бұдан да маңыздырақ нәтижелерге қол жеткізе аламыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Виктор Янукович кездесу үшін және ықпалдастық мәселелерін кең ауқымда талқылау мүмкіндігі үшін алғысын білдірді.

– Біз Кеден одағының көбінесе Сіздің ертедегі идеяларыңызға, экономикалық дағдарыстан әлдеқайда бұрын айтылған ұсыныстарыңызға негізделгенін  білеміз. Экономиканың өсімі тек барлық мүмкіндіктер пайдаланылғанда, барлық күш-жігер жұмсалғанда, инновация барда, өнеркәсіпті жаңғырту жүргізіліп, өзіндік құны жоғары өнім артқанда ғана мүмкін болатынын біз жақсы түсінеміз. Бәсеке серіктестердің ауқымы кеңейгенде ғана нығаяды, – деді Украина Президенті.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің